4 ЖЫЛ БҰРЫН АТЫРАУДА ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ҚХА ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛДЫ

7 Ақпан 2019, 12:04 3212

Дәл осы күні төрт жыл бұрын Атырау қаласында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұңғыш институты жұмысын бастаған болатын.

Институттың негізгі міндеті – студент жастарды елде тұратын жүз қырық ұлт пен ұлыс өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлеріне баулу, толеранттылық, бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім идеяларын насихаттау. Қазақстан халқы Ассамблеясы институты Ресей мен Әзірбайжан ғылым және мәдениет орталықтарының және әлеуметтік зерттеулер зертханаларының базасында ашылды.

Сол кезде, 2015 жылы ашылу салтанатына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Еркін Қадырғалиев, облыстың этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, БАҚ өкілдері, ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері және т.б. қатысқан еді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын құру туралы идея аяқ астынан туындамаған еді. 2012 жылдың мамыр айында Қалмақия Республикасының Элист қаласында Қалмақ мемлекеттік университетінің базасында Қазақстан Ғылым және мәдениет орталығы ашылған болатын, міне, сол аралықта, яғни, ашылу салтанатына дейін үш жыл бойында құру жұмыстары жүрді.

Одан әрі Ресей Ғылым және мәдениет орталығы, Әзірбайжан мәдениеті мен тарихы орталығы, Әлеуметтік зерттеулер зертханасы ашылды. 2014 жылдың 1 желтоқсанында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Астрахан мемлекеттік техникалық университеті арасындағы телекөпір барысында Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің президенті, профессор Юрий Пименов Астрахан мемлекеттік техникалық университет базасында қазақ мемлекетінің 550 жылдығына байланысты 2015 жылы Қазақстанның тарих және мәдениет орталығын ашуды ұсынды.

Бұл туралы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бейбіт Мамраев өзінің құттықтау сөзінде мәлімдеп, осы салалардың барлығы жоғары оқу орындарында кафедра ғана ашып қоймай, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын құрды деп атап өтті.  

«Бұл институттың мақсаттары мен міндеттері айқын. Ең алдымен, бұл барлық азаматтық институттарды дамыту. Өмір тек мерекелерден ғана емес, күн сайынғы күрделі жұмыстан тұрады. Ал ұлтаралық қарым-қатынас – бұл соншалықты нәзік материя, қандай да бір директивалар мен жарғыларды реттеу мүмкін емес», – деген еді сол кезде университет басшысы.

Өз кезегінде қонақтар жоғары оқу орнының басшылығына осындай қадамға барғаны, яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ашылғаны үшін алғысын білдірді.

«Сіз тек этномәдени бағытта жұмысы істейтін кафедраны ашып қана қойған жоқсыз, сіз үлкен іске тәуекел еттіңіз. Бұл үшін сізге ризамын. Мен біздің университетіміздің әлеуетін жақсы түсінемін, Атырау мемлекеттік университетінің дипломын алған адамдар Қазақстан зиялыларының шын мәнінде жарқын өкілдері болып табылатындығын да білемін. Бүгінгі оқиға қатардағы оқиға емес. Ол тек біздің облысымыздың ғана емес, республиканың қоғамдық өмірі үшін бірегей. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы институтына сәттілік пен игі бастамалар тілеймін!», – деп қатысушыларды «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Александр Думлер құттықтады.

«Тхоньил» кәріс этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Людмила Ли де жас институт қызметкерлеріне құттықтау сөзін жеткізді. 
«Құрметті қонақтар, әріптестер! Мен бұл салтанатты іс-шараға үлкен ықыласпен қатысып отырмын. Осындай институттың Атырау мемлекеттік университетінде ашылуы мен үшін тебірентерлік, себебі, мен оның түлегі болып табыламын. Көп жыл өтсе де, мен әрқашан университет өмірін үлкен алаңдаушылықпен және ынтығып бақылаймын, – деді ол. – Ал Қазақстан халқы Ассамблеясын біздің көшбасшымыз сияқты парасатты саясаткер басқаруының арқасында біз шын мәнінде бір отбасындай алға жылжып келеміз.  Біздің алдымызға қандай мақсаттар мен міндеттер қойылмаса да, менің ойымша, олардың барлығы орындалады деп ойлаймын, өйткені бізде ең бастысы – біздің үлкен және тату отбасымыздағы бірлік пен келісім. Мен университет басшылығын осындай бірегей идея үшін тағы да құттықтағым келеді және сіздерге сәттілік, өркендеу, жасампаздық және осындай креативті жобалар тілеймін».
Институттың мақсаты – студент жастарды елде тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлеріне баулу, сондай-ақ студент жастар арасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үдерісінде полиэтникалық қоғамның қазақстандық моделін зерделеу мен насихаттауда бірыңғай әдістемелік және практикалық тәсілдерді әзірлеу күшін біріктіру.

Салтанатты рәсім Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының бөлімшесінің бірі — әзірбайжан мәдениеті мен тарихының орталығында аяқталды. Онда, шәй үстінде бейресми және мамыражай жағдайда жиналғандар Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының алдағы жұмыс перспективаларын талқылап, институттың дамуы мен қызметі бойынша идеяларымен және жоспарларымен алмасты.

Институт қызметі туралы толығырақ мына жерден танысуға болады

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: