4 желтоқсанда басым өңірлерде қар жауып, боран соғады

4 Желтоқсан 2022, 02:06 1260

Күн райына атмосфералық фронттар әсер етеді

4 желтоқсанда еліміздің көп өңірлерінде қар жауып, боран соғып, тұман түседі, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста, орталықта, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады деп болжануда.

Ал еліміздің батыс аумағы антициклон ықпалында болады. Соның салдарынан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Ал солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын соғады.

Батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда тұман түседі.

EL.KZ
Бөлісу: