4 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болады

4 Қараша 2023, 08:21 811

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 4 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз. Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: