"4 айлық баламды енем алып кетті". Алкогольдің кесірінен ажырасқан әнші жан сырын ақтарды

11 Желтоқсан 2023, 18:21 6267

Әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында жеке өміріне қатысты құпиясын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өмір бойы жолдасыммен тұрсам деген ниет болды. Бірақ оған жете алмадық. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлды 4 айлығында енем алып кеткен. "Осылай жүріп, өлтіріп аласыңдар" деді. Себебі үй тыныш емес қой. Қазақконцерттен күйеуімді тәртібі үшін шығарып жіберді, - дейді ол.

Әнші күйеуімен ажырасқан соң ұлымен байланысты үзілгенін атап өтті.

Сөйтіп, 1984 жылы ажырастық. Содан кейін баланы көрген жоқпын. Ұлым 1996 жылы келін екеуі қолыма келді. Мені "Алмаштың мамасы" дейтін. Қазір екеуміз де сырласамыз, өткенді айтып жылап аламыз. Қандай болып өсті екен деп уайымдадым. Жаныма қатты батты, - деді ол.

Айта кетейік, әнші әлi күнге дейiн жолдасының тегiнде жүргенін жасырмайды. 

Бiрақ, бiр кездерi жұбымыз жараспай, екiге айырылдық. Қазiр екiншi отбасымен бiрге тұрады. Несiн жасырайын, ащы судың соңына түсiп, берекемiз кеттi, - деген еді БАҚ-қа берген сұхбатында.

Әншінің күйеуі қазақтың керемет дарынды азаматтарының бiрi Сәтмағамбет Нұрмағатбетов болған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: