4 ай бұрын Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыздың мәйіті табылды

23 Шілде, 09:33 6107

2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұған дейін Күш ауылында жоғалып кеткен бүлдіршінге тиесілі болып шықты.

Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізіліп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен еді.  Оның үйден шығып кеткенін ешкім байқамай қалыпты. Баланың анасы оның жоғалғанын сол күні хабарлаған. Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер қызды іздеуге шыққан еді.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Полицейлер күдіктілерді ұстаған, бірақ олар кімнің күдікке ілінгенін айтқан жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: