38 жастағы әйел он екінші баласын босанды

15 Наурыз, 14:18 4031

Қырғызстанның Кемин ауданында 38 жастағы келіншек өзінің 12 - перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kabar агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша алтын құрсақты 38 жастағы үміт Құланазарова сегіз қыз бен төрт ұлдың анасы болды. Әйел перзентхананың медициналық қызметкерлеріне мұқият қарым-қатынас жасағаны үшін алғыс айтып, босану сәтті болғанын хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: