Қазгидромет бүгін, 30 мамырда, бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Түнде шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с. қ.
Шымкентте 30 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. қ.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 30 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.