Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 31 желтоқсанды демалыс күніне айналдыру туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шынымды айтсам, 31 желтоқсан неліктен демалыс емес деген сұрақ менде де туындаған. Себебі бұл күні адамдардың көңіл күйі мүлде бөлек болады. Тіпті мектеп күндері де осыны талқылайтынбыз. Егер осындай шешім қабылданса, мен толықтай қолдаушы едім. Одан ешкімге жаман болмас, – деді Аймағамбетов.
Дегенмен ол мұндай бастаманы депутаттар өздері ұсына алмайтынын қоса кетті.
Бұл уәкілетті органдардың, бұл жағдайда Үкіметтің құзыретіндегі дүние. Егер қосымша демалыс күнін ауыстыру туралы шешім қабылданса, мен қуана қолдаймын, – деді ол.