«31 млрд теңге бөлінеді, нәтиже жоқ». Мұрат Әбенов «Астана» велокомандасын сынады

13 Қараша, 12:51 763

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов «Астана» велокомандасына неліктен қыруар қаражат бөлінетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан туын желбіретпейді, құрамда біздің спортшылар жоқтың қасы. Олар Еуропада жаттығу жасап, сонда өмір сүреді, Қазақстанға келмейді. 29 спортшының тек тоғызы Қазақстан азаматтары. Қаракөздеріміз мүлде жоқ. Мамырда тексеріс жүргізіп, жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар анықталған. «Самұрық-Қазынадан» 31 миллиард теңге төленеді. Қазақстандағы бұқаралық спортқа 35 миллиард теңге жұмсалады. Ал шетелде ғана өнер көрсететін «Астана» велокомандасына 31 миллиард теңге беріліп отыр. Ал соңғы үш Олимпиада ойындарында нәтиже жоқ. Команда капитаны Токиода 21-орында, Парижде 51-орынды иеленді, - деді Мұрат Әбенов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: