30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

23 Маусым 2022, 09:10 893

Мәжіліс төрағасы Өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - делінген Өкімде.


Бөлісу: