300 қазақстандық «Отау» бағдарламасы бойынша баспана сатып алды

25 Маусым, 21:10 500

Алғашқы нарықтан баспана сатып алған алғашқы 230 қазақстандық «Отбасы банктен» несие алды. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының тұрғындары жаңа пәтерлерде қоныс тойын атап өтуге дайындалуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, «Отау» бағдарламасы бойынша тағы 70 қатысушы моноқалалар мен ауылдық елді-мекендерде екінші нарықтан тұрғын үй сатып алды.

«Отау» бағдарламасына қатысушылар 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін несие алуға өтініш беруге уақыты бар.

Егер бағдарламаға қатысушы несиеге оң мақұлдау алса, онда оның үй тауып, сатып алуына 6 ай уақыт беріледі.

Алматы, Астана, Шымкент қалалары және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Басқа елдімекендерде кез келген тұрғын үй сатып алуға болады.

Бағдарламаға қатысушы otbasybank.kz сайтындағы «Баспана маркет» порталында бастапқы тұрғын үйді таңдайдыБұл функция жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеу мақсатында енгізілген

Порталда 9 169 пәтерлі 320 нысан орналастырылған, оның ішінде 939 пәтерге тапсырыс берілген. Банк клиенттері қарызды ресімдеу және пәтер сатып алу кезеңінен өтуде.

Несиенің максималды сомасы Алматы және Астана қалаларында 30 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 18 млн теңгеге дейін.

«Отау» бағдарламасы бойынша несие талаптарына келсек, бастапқы жарна - 20%-дан басталады, несие мөлшерлемесі – 9%, ЖТСМ 9,2%-дан басталады, ал несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Перизат Саденова
Бөлісу: