"300 мың". Шетелдіктерге азаматтық алып беремін деп уәде еткен азамат ұсталды

11 Тамыз 2023, 13:33 838

Шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алып беруге уәде еткен алматылық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының хабарламасынан белгілі болғандай, күдікті несие алуға көмектесетініне уәде берген.

Өз қызметі үшін күдікті “клиенттерден” 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін сыйақы алған.

Қазіргі уақытта 33 жастағы А. есімді азаматқа қатысты біздің бөлімшеге 4 адам ресми арызбен жүгінген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің басқа эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Егер оны таныған жағдайда азаматтарды, келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-778-622-02-19 және 8-747-699-70 -02», – деді, Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Равиль Ашығали
Бөлісу: