30 тамызда ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

28 Тамыз, 15:26 297

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конституция күнін мерекелеуге орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған ХҚО-лар да жұма, 30 тамызда жұмыс істемейді.

31 тамыз ХҚКО-лар мен МХҚКО-лардың кезекшілері үшін жұмыс күні саналады. Олар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі, 2 қыркүйекте орталықтар азамттарды әдеттегі режимде қабылдайды: сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілер – 20:00-ге дейін. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекшілер сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейтін болады, - деп мәлім етті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: