30 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

30 Шілде, 09:42 736

Сейсенбі, 30 шілдеде Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында отандастарымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12:00 Мылтық ату, біліктілік, бірінші күн (әйелдер). Мария Дмитриенко қатысады.

13: 00 Дзюдо, 1/16 финал. Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар Аттила Унгваримен (Венгрия) белдеседі. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигуль Куюлова Lubjana Рiovesana-мен (Австрия) күреседі.

19:18 Бокс, алдын ала кезең, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал Нұрбек Оралбай мен Callum Peters (Аустралия) шығады.

22:03 Садақ ату, ерлер арасындағы жекелей, 1/32 финал. Ильфат Абдуллин мен Eric Peters (Канада) күш сынасады.

23:00 Бокс, алдын ала кезең, ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Сәкен Бибосинов пен Samet Gumus (Түркия) жұдырықтасады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: