30 сәуірде елімізде үсік жүреді

30 Сәуір, 05:26 1691

«Қазгидромет» РМК 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикамыздың басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болады, осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болады.

Еліміздің батысында, орталығында, шығысында найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауады, сондай-ақ еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қатты жел тұрады, солтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісудың батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Перизат Саденова
Бөлісу: