30 мың адамға асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы берілді

15 Қыркүйек 2022, 10:45 1216

Аймақтарды салыстыратын болсақ, ең көп өтініш Алматы қаласына тиесілі – 13%

Жыл басынан бері 30 907 азаматқа асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап.

Азаматтар күн сайын асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы кімге тиесілі және төлем қалай тағайындалатынын анықтау үшін 1414 желісіне хабарласады. Сонымен қатар, олар жәрдемақы көлемін, төлемді тоқтату, уақытша тоқтату, қайта бастау тәртібін және төлем мерзімін білгісі келеді.

Аймақтарды салыстыратын болсақ, ең көп өтініш Алматы қаласына тиесілі – 13%, одан кейін тізімде Шымкент (10%), Түркістан облысы (9%), Нұр-Сұлтан (8%), Алматы және ШҚО (7%). Ең аз өтініш СҚО (1%) және БҚО-дан (2%) болып шықты.

Бөлісу: