30 градус аязда жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды

20 Ақпан, 14:10 8782

Новосібір қаласында қыстың көзі қырауда жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен 22 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әйел баланы полиэтилен пакетке орап, көшедегі көрші тұрған көпқабатты үйдің қоқыс жәшігіне салып кеткен. Оны қоқыс тастауға шыққан көрші ер адам тауып алған. Басында мысық деп ойлаған ол, пакеттің ішінінен сәбиді көргенде шошып кетіпті. Жылдам баланы үйіне апарып, полицияға хабар берген.

Жедел жәрдем дереу жетіп, нәрестені ауруханаға жеткізді. Ал көп өтпей 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жүріп жүрген жігітінен аяғы ауыр болып қалған екен.

Жергілікті полиция тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: