Бұл туралы Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты, 3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы - Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады.
Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау - Индер» бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық.