3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

3 Қаңтар 2023, 10:13 1480

Бұл туралы Қазгидромет РМК мәлім етті

3 қаңтар күні ҚР аумағы бойынша қар, батыста, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын соғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шығыс Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облысының шығысында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Қарағанды облысында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында соққан желдің жылдамдығы 30 м/с асады.

EL.KZ
Бөлісу: