3 қалада ауа сапасы нашарлайды

4 Қараша 2023, 07:15 729

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

4 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Перизат Саденова
Бөлісу: