28 қазанда елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

28 Қазан 2023, 00:10 813

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 28 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, батыста, күндіз солтүстік-батыста, еліміздің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде Атырау облысында жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыста бұрқасын соғады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: