28 қарашадағы доллар мен рубльдің ресми бағамы

28 Қараша 2022, 09:40 2006

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 28 қарашадағы ресми бағамын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 доллар құны – 465,38 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 7,69 теңге болды.

25 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,48 теңгеге төмендеп, 465, 42 теңгені құраған.

Кurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464, 5- 468 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 463-467 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,32 -7,47 теңге аралығында сатып алуға болады.

EL.KZ
Бөлісу: