28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

28 Қаңтар, 08:39 1034

Қазгидромет синоптиктері жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: