«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, – деп хабарлайды El.kz.
Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.