27 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

27 Желтоқсан 2022, 08:40 894

Бұған антициклон әсер етеді

27 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Күн райының жауын-шашынсыз болуына антициклон әсер етеді.

Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Еліміздің қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.

EL.KZ
Бөлісу: