ҚР-ның басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, онымен бірге жаңбыр, шығысында – қатты жаңбыр, солтүстігінде – жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.