27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

26 Ақпан 2023, 20:15 1353

Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғады

«Қазгидромет» РМК 27 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. 

EL.KZ
Бөлісу: