26 қазанға арналған ауа райы болжамы

26 Қазан 2023, 05:26 866

Қазгидромет 26 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау облысы

26 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

26 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

26 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

26 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкент қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

26 қазанда Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 26 қазанда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

26 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 26 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 26 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

26 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 26 қазанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

26 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Өскемен қ.: 26 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

26 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Семей қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

26 қазанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

26 қазанда кей уақытта Қарағанды облысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

26 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

26 қазанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с.

Перизат Саденова
Бөлісу: