26 наурызға арналған ауа райы болжамы

26 Наурыз 2023, 11:45 1038

Қазгидромет Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.   

Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман түседі, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі болжанады. 

EL.KZ
Бөлісу: