«26 млрд теңге бар». Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы қалай бөлінеді?

3 Сәуір, 14:23 1041

Қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынынан зардап шеккендерге бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда су тасқынынан келген шығын есептеліп жатыр. Министр шығын көлемі анықталған соң тиісті қаражатты бөлетінін айтты.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржыны бөлу мәселесі жергілікті бюджеттен пысықталады. Қазақстан бойынша жергілікті бюджетте төтенше жағдайға арналған 26 млрд теңге бар. Бұл ақша әкімдіктерде бар, - деді ол.

Министрдің сөзінше, бұл қаржы жетіспесе, үкіметтің резервінен қосымша қаржы бөлінеді. Былтыр су тасқынының алдын алу үшін жергілікті бюджеттен 20 млрд теңге бөлінген.

Миражан Махан
Бөлісу: