Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында және Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жауады, республикамыздың шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, жауын-шашынды ауа райы сақталып, елдің солтүстігінде, түнде оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді, қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік, шығыс өңірлерде тұман түседі, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының шығысында, Ақтөбе , Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Павлодар қаласының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында және Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары.