25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы қандай?

25 Қыркүйек 2023, 00:20 646

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз  болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыз бойынша түнде және таңертең тұман түседі,  оңтүстік, шығыс өңірлерде екпінді жел тұрады деп күтіледі", - деп жазды "Қазгидромет" РМК.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, түнде Ақмола облысының шығысында топырақ беті қатып,  1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.

Берік Арманов
Бөлісу: