24 жасар жігіт Алматыдан Шымкентке есірткі жіберіп отырған

19 Ақпан, 23:46 728

Шымкент полициясы жедел іс-шараларды өткізу барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, Алматы қаласында пәтер жалдап тұрған 24 жастағы шетел азаматы ұсталды. Ол синтетикалық есірткіні тұрмыстық техника ішіне жасырып, Шымкент қаласына жолдап отырған. Жас жігіттен жалпы салмағы 650 грамнан астам «синтетика» тәркіленді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: