24 тамызға арналған ауа райы болжамы

24 Тамыз, 07:36 934

«Қазгидромет» синоптиктері 24 тамызда еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, солүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Перизат Саденова
Бөлісу: