24 қызды жалғыз өзі мерекесімен құттықтаған жігіт желі қолданушыларын тәнті етті

7 Наурыз, 16:21 38489

Группасындағы 24 қызды жалғыз өзі мерекесімен құттықтаған жігіт желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

16 жасар Мансұр Айтжанов Алматы қаласындағы №1 Қазақ мелекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің 1 курс студенті. Мамандығы – бастауыш мұғалімі.

Группада 25 студент: 24 қыз және бір ұл. Мансұр группадағы қыздарды мерекесімен құттықтап, гүл мен шоколад берген.

Бірінші курс болғандықтан группамдағы қыздармен жақыңырақ танысып, ерекше естелік қалдыру үшін тырыстым, жақсы көңіл-күй мен әсер сыйлағым келді, - дейді Мансұр.

Мансұр Айтжанов отбасында жалғыз бала. Мемлекеттік грантта оқиды.

Миражан Махан
Бөлісу: