24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады

24 Қараша 2023, 06:05 1217

«Қазгидромет» РМК 24 қарашада еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, дауыл соғады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, боран, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанады. Облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында түнде қалың қар жауады, облыстың оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп болжанады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз көктайғақ болады, солтүстік батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 23 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз Алакөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз көктайғақ, облыстың батысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде боран тұрып, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде жауын-шашын, өңірдің шығыс, оңтүстік және орталық бөлігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 

Қызылорда облысының батысында, түнде облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде қатты жауын-шашын, өңірдің солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында көктайғақ, облыстың батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады деп күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с дейін барады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қар жауады, көктайғақ, боран болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с, тіпті одан да күшті болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: