24 наурызда жаңбыр жауып, көктайғақ болады

23 Наурыз, 23:52 3661

Қазгидромет 24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Тек республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша, тұман түседі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: