24 маусым – Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

24 Маусым, 11:15 823

Бүгін – судья және сот қызметкерлерінің күні. Еліміздің бас құжаты – Конституцияның 77-бабында «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз, ол Конс­титуция мен заңға ғана бағынады» деп көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Судья – сот саласының негізгі тірегі. Судья және сот саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің бекітілуі – сот саласында қызмет етушілер үшін үлкен мәртебе. Өйткені, сот қызметтерінің азаматтарға арнаған сервистерді дамыту, сот төрелігіне азаматтардың қол жетімділігін жеңілдету, цифрландыру және роботтандыру сияқты жаңалықтарымыз қарқынды дамып, қазіргі таңда оңтайлы жұмыс істеуде. Соның арқасында сот жүйесі барынша жетілдіріліп, маңызды құжаттар электронды форматта жүзеге асып келеді. 

Судьяның қызметіне қандай да болсын араласуға тыйым салынып, сот жұмысына ықпал етуге тырысқандарға заңдық жаза да  белгіленген. Нәтижесінде, халық пен сот арасындағы ашықтық қалыптасып, елдің сотқа деген сенімі артып келеді.

Үшінші билік өкілі саналатын сот саласы еліміздің демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында  маңызды рөл атқарады. Себебі қоғамдағы даулар мен жанжалдарды шешу судьядан жоғары білімді, тәжірибені және мінсіз адами және тұлғалық қасиеттерді талап етеді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: