23 маусым - Халықаралық Олимпиада күні

23 Маусым 2022, 14:28 1709

1984 жылдың 23 маусымынан бастап бұл күні бүкіләлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтеді.

Олимпиада күнінде халықаралық, республикалық, тіпті аймақтық дәрежеде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, Олимпиадалық құндылықтар насихатталады, деп хабарлайды El.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл мереке, Олимпиадалық қозғалыстың өзі сияқты, шекараға қарамастан, барлығын біріктіреді. Олимпиадалық қозғалыстың ең жоғары құндылығы – адам. Негізгі ұстанымдары – достық, өзара түсіністік, ынтымақтастық. Бұл дата Олимпиадалық қозғалыстың қазір біз білетіндей қайта дүниеге келгенін еске салады. Бүгінде әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, тіпті қатысушысы болуды армандайды. Олимпиада чемпиондары – кез келген елдің спорттық жетістігі. Бейбітшілікті одан әрі насихаттау үшін спорт арқылы жастарды өзара түсіністік рухында тәрбиелеу Олимпиадалық қозғалыстың мақсаты болып табылады.

Бүгін олимпиадалық қозғалыстың достықты, өзара түсіністікті, адалдықты бағалау, үздіктермен тең болу сынды қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бізз барлығын бір мүдде аясында бірігуге шақырамыз.

Олимпиадалық қозғалыстың бірге бір бөлігі болайық! Қазақстанның барша Олимпиадалық отбасы атынан бүгінгі мерекемен құттықтап, сіздерге денсаулық, сәттілік пен жетістік тілейміз!», - делінген ақпаратта.

Бөлісу: