23 тамызға арналған ауа райы болжамы

23 Тамыз, 06:41 385

«Қазгидромет» РМК еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы мен Алматы қаласының тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 16 м/с.

Астанада найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 23 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледе. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында , күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 23 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, 24 тамызда таңертең және күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 23-24 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 24 тамызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 23-24 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Зарина Арман
Бөлісу: