Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған сауалында тасқын суға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, тасқынның салдарын жою үшін Үкімет резервінен 46,9 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек әр облыстың бюджетінен де қомақты қаражат берілді. Депутат сол ақшаның қайда кеткенін сұрады.
2024 жылы су тасқынының алдын алуға деп жергілікті бюджет бір мәрте қаржы бөледі, тасқыннан соң салдарын жоюға деп және қыруар қаражат алады бюджеттен. Заңды сұрақ туады, ендеше төтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат қайда кетті, кім жауапты? Ел әлі осы сұрақтың жауабын талап етеді, - деді ол.
Сәрсенғалиев су тасқыны қаупі биыл да төніп тұрғанын алға тартты. Ол кеш болмай тұрып қимылдау керектігін еске салды.
Ресми мәліметке сүйенсек, биыл 1223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта тұр. Қазірдің өзінде Ресейден еліміздің батыс өңіріне су жоспардағыдан көп жіберіліп жатыр деген дерек бар. Демек тағы қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалмау үшін қауіпсіздікті қазірден бастап күшейту керек. Әйтпесе тұтас елді тасқынның астына тастап, салдарын жою үшін бюджетті айналшықтап жүру жөн білетін адамның әрекеті емес, - деп қосты депутат.
Мәжілісмен былтыр су астында қалған аймақтардың әкімдіктерінен 2025 жылы төтенше жағдайдың алдын алуға қанша қаражат дайындағанын сұратқанын айтты.
Ақмола облысы - 131,5 млн теңге,
Ақтөбе облысы - 848,7 млн теңге,
БҚО - 10,5 млрд теңге,
Павлодар облысы - 3,6 млрд теңге,
Абай әкімдігі - жергілікті бюджеттен 67 млн теңге,
Атырау облысы - 22,1 млрд теңге,
Қарағанды облысы - 6 млрд теңге,
Қостанай облысы - 916,2 млн теңге,
Солтүстік Қазақстан облысы - 2,5 млрд теңге.
Қаражат бар, бірақ ол тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуі шарт. Былтыр көзіміз жеткен тағы бір өзекті мәселе, су өткелдері мен арықтардың тазаланбаған күйі жылдап жатқаны.
Тіпті кей аймақтарда өзендердің жайылмасы тұрғын үй алабына айналып кеткен. Былтырғы қателіктен сабақ алып аталған су арналарын ашу қажет, - деді ол.
Сонымен қатар еліміздегі су қоймаларының көбі қараусыз қалған, біразы жекеменшікке берілген.
Тиісті күтім жоқ. Салдарынан гидрологиялық нысандардың тоз-тозы шыққан. Бұл проблеманың айтылғаны бүгін немесе кеше емес. Бірақ ескерту бар да, ескеру болмай тұр. Биыл да халық тасқыннан тентіреп кетпесін десек, аталған проблемаларды дереу шешу қажет, - деп килікті ол.
Депутат бірқатар нақты ұсыныс жасады: