22 жастағы теннисші Australian Open жеңімпазы атанды

29 Қаңтар, 00:08 840

Теннистен Аустралияның ашық чемпионатында ерлер арасында жекелей сында финал мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир жеңімпазы атағын италиялық Янник Синнер (№4 АТР) мен ресейлік Даниил Медведев (№3 АТР) сарапқа салды.

Бес сетке созылған кездесуде 22 жастағы Синнер үздік шықты – 3:6, 3:6, 6:4, 6:4, 6:3. Осылайша Янник «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет топ жарды.

Финалдық ойын Род Лэйвер атындағы стадионда өтіп, 3 сағат 46 минутқа жалғасты.

Медведева осымен Australian Open (2021, 2022) финалында үшінші рет жеңіліп отыр.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: