21 млн теңге бөлінген 350 метрлік көшеге жол төсеу үш жылға созылды

25 Тамыз 2022, 03:34 1821

Қаратал ауданы әкімдігі Амангелді көшесін жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілгенін хабарлады. 

"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы көшелердің біріндегі жөндеу жұмыстарының суреттерін бөлісті, - деп хабарлайды EL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дидар Смағұловтың Facebook-парақшасында жариялаған жазбасына сәйкес, Үштөбе қаласында 350 метрлік жолды жөндеуге бюджеттен 21 миллион теңге бөлінген. Оның үстіне, көшенің қазіргі жағдайы сын көтермейді.

Ескі асфальт толығымен сүрілген, бірақ жаңасын төсемепті, осылай да болады деген сияқты. Бұл "жұмыс" үшін 21 миллион 333 мың 527 теңге төленбесе, күлкілі болар еді. Жергілікті Антикор асфальттың бар-жоғын анықтау үшін Мемлекеттік аудит басқармасына хатымызды жіберді, - деп жазады "Әділдік жолы" жетекшісі.

Қаратал ауданы әкімдігі Амангелді көшесін жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілгенін хабарлады. Алайда мердігердің салғырттығынан қазір сот процесі жүріп жатыр.

2020 жылы Үштөбе қаласындағы Амангелді көшесіне 21,3 миллион теңгеге "Таған" ЖШС орташа жөндеу жұмыстарын жүргізсе, 2021 жылы осы көшенің бойында асфальт жабынының бұзылуына және шұңқырлардың пайда болуына байланысты мердігер міндеттемелерін орындамағаны туралы талап-арыз берді. Сот шешімі 2022 жылдың 28 қаңтарында шықты. Бүгінде сот шешімін орындау жеке сот орындаушылары қолында. Бұл мәселе аудан басшылығының тұрақты бақылауында, - деді әкімдіктегілер.

EL.KZ
Бөлісу: