21-23 шілдеде елімізде күн райы құбылмалы болады

20 Шілде 2022, 11:48 1814

Қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында аптап ыстық басылады, Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +23+28 градус аралығында болады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасының шамалы төмендеуіне қарамастан, ол климаттық нормада сақталады», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Бөлісу: