2050 жылы жарты әлем көзілдірік киюі мүмкін

4 Наурыз 2016, 03:08

Адамдар арасында көру қабілеті нашарлау динамикасын бақылаған ғалымдар, 2050 жылы «әлем халқының елу пайызы көзілдірік киеді» деген болжам жасап отыр.

Адамдар арасында көру қабілеті нашарлау динамикасын бақылаған ғалымдар, 2050 жылы «әлем халқының елу пайызы көзілдірік киеді» деген болжам жасап отыр.

Зерттеуге Оңтүстік Жаңа Уэльс пен Сингапур институтының ғалымдары қатысты.  2000 жылы статистика бойынша әлемнің 23%-ында көру қабілеті нашар болған. Ал осы жиырма үш пайыздың 2,7-сі мүлдем нашар көретіндер екені анықталған.

Ғалымдар мұны технологияның дамуымен және адамдардың техникаға тәуелділігімен түсіндіреді. Ең өкініштісі, бұл ауырумен ауыратындар арасында мектеп жасындағы балалар көбейіп кеткен. «Бұл шын мәнінде алаңдайтын проблема және оның шешімі біреу-ақ. Комьютер, теледидар, гаджеттерді мейлінше аз пайдалану қажет. Балаларыңызды далада, таза ауада ойнауға бейімдеңіздер», - дейді Сингапур институтының ғалымы Ода Набуага.    

Көру қабілеті нашар адамдарға бірнеше кеңес:

  1. Егер көру қабілетіңіз нашарлағанын сезсеңіз, дәрі-дәрмек қабылдауға асықпаңыз. Мүмкін бұл тек дәрумендердің жетіспеушілігінен болған өтпелі ауыру болуы әбден мүмкін.
  2. Көру қызметіне жауап беретін барлық нүктелер құлақтың сырғалығында орналасқан. Жанарыңыз талғанын байқасаңыз, бес минут сырғалықтарыңызды уқаласаңыз көру қабілетіңіз қалпына келеді.   
  3. Күнделікті рационыңызға көкеністер мен жеміс-жидектер еңгізуді ұмытпаңыз. Мысалы: алма, сәбіз, көк пиаз көзіңізге өте пайдалы.
    Рустем ӘЛПИ
Бөлісу: