2029 жылға дейін жас ғалымдар саны 40 пайызға жетпек

12 Сәуір 2023, 13:31 1546

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки 2029 жылға дейін жас ғалымдар санын жылдан-жылға ұлғайтып, 40 пайызға дейін жеткізілу көзделіп отырғанын айтты.

«Жас ғалымдарға арналған «грантты қаржыландыру» деген арнайы бағдарлама бар. Соның аясында жыл сайын оларға ақша бөлінеді. Яғни, бұл қаржыны үзбей әріқарай жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Жастар қалай ғылымға келеді? Оны міндетті түрде мектеп кезінен дайындау қажет. Бұл туралы Президентіміз де айтқан болатын. Ғылымға баулу жүйесін белгілі бір шығармашылық орталықтар деңгейінде ғылымды насихаттап, жан-жақты ақпарат беріп, ынталандыру жолдарын қарастыру керек», – деді ол.

Бұдан бөлек, ол жастарға диссертация жазған кезде және кейін Phd докторантураға барған уақытта міндетті түрде өзекті тақырып, жақсы ғылыми жетекші таңдау керек екенін тілге тиек етті.

«Қазіргі кезде ғылымға деген жастардың қызығушылығы бар. Соған сәйкес әлеуметтік және қаржыландыру тұрғысынан қолдау көрсетуіміз қажет. Әлеуметтік қолдаудың ішінде үймен қамтамасыз ету сынды тағы басқа жолдары бар. Оны үкімет тарапынан талқылап, нақты шешімдерге ие боламыз», – дейді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: