2029 жылға дейін 147 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

4 Сәуір 2023, 09:42 923

Жалпы құны 33 трлн. теңгеден асатын 800-ден аса инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев айтты.

«Жалпы құны 33 трлн. теңгеден асатын 800-ден аса инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. 2029 жылға дейін 147 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Осы жобаларды іске асыру үшін шамамен 9 трлн. теңге қаражаты өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, импортты алмастыру 5 трлн. теңге, экспорт 4,2 трлн. теңге деңгейінде болжанады», - деді Марат Қарабаев.

Олардың басым бөлігі машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және металлургия салалары бойынша жобаларды жоспарлауға бағытталған.

«Іске асырылып жатқан жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады, қаражат өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы көзделеді», - деді Марат Қарабаев.

Миражан Махан
Бөлісу: