УЕФА 2028 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын өткізетін елдерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуро-2028 Ұлыбритания мен Ирландияда қатар өтетін болды.
Яғни кәрі құрлық біріншілігінің матчтары Белфаст, Бирмингем, Кардифф, Дублин, Глазго, Ливерпуль, Лондон, Манчестер және Ньюкаслда өтеді деп болжануда.
Еуропа чемпионаты УЕФА құрамына кіретін ұлттық құрамалар арасында әр төрт жыл сайын өткізіледі.
Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда 10 қала мен 10 стадионда өтеді. Турнир 14 маусымда басталып, 14 шілдеде аяқталады. Соңғы кезеңде топтық кезеңде 24 құрама ойнайды.
Футболдан Еуропа чемпионатының қазіргі жеңімпазы – Италия құрамасы, ол Еуро-2020 финалында Лондондағы Уэмбли стадионында пенальти сериясында Англияны жеңді.