2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы дайын

23 Маусым 2022, 09:21 2774

Тұжырымдама мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Дүниежүзілік банктің қатысуымен әзірденді.

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды El.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің айтуынша, тұжырымдама жобасында көзделген негізгі нысаналы индикаторлар – негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25,1%-ға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде $25,5 млрд дейін арттыру. 

«Тұжырымдама жобасы негізгі үш бағыт бойынша құрылымдалған жүйелі сипаттағы 45 нақты іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспарын қамтиды. Бірінші – ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталатын инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту. Екінші – жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу. Үшінші – экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу», - дейді Тимур Жақсылықов.


Бөлісу: