2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы

Бүгiн, 17:36 144

Ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев наурыз айында өтетін ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльс (22 наурыз) және Лихтенштейнмен (25 наурыз) ойындарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тізімге 36 ойыншы енді.

Ойыншылардың нақты тізімі шыққанға дейін өзгерістер болуы мүмкін.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Мәди Хасейн («Жеңіс»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков, Жан Әли Пайруз (екеуі де – «Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Давид Есімбеков («Жетісу»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. 22 наурызда Уэльсте, ал екі күннен соң Лихтенштеймен матч болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: